"Мемлекет Басшысының Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы»

Ақмола облыс әкімі Сергей Александрович Дьяченконың «мемлекет Басшысының Қазақстан халықына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты тақырыбына өтетін интернет-конференциясы. http://www.akmo.kz/

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 21.02.2011
  • 22.02.2011
  • Акмолинская область

Сералиев Ыдырыс 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасының былғы Жолдауына сәйкес индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар Сыр өңірі үшін қандай септігін тигізбек.

Администратор 08.12.2010

Елбасы дәстүрлі «Индустриялық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» екенін атап көрсеткен болатын. Жолдауды жүзеге асыру бағытында үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, сол ағынмен елімізде ауқымды жұмыстарға жан бітті. Осы игі ықпалдың арқасында Сыр өңірінде өнеркәсіп саласындағы инвестиция көлемі 2 есеге артты. Айталық, «ҚазГермұнай» БК ЖШС-гі «Газды өңдеу қондырғысы құрылысының 2-ші кезеңі» жобасын жолға қойды. Енді газ бағасын тағы да төмендетуге мүмкіндік бар. Сол секілді «Шапағат сүт» ЖШС-гі ауысымына 30 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыт салды. Бұл – халық талғамына нан сапасын арттырумен қатар, арзан өнім тұтынуына жол ашты. Сыр бойының мүмкіндігі мол. Болашағы зор. Жері де бай, елі де бай десе жарасады. Оны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік автожолы құрылысын жүргізу барысынан-ақ аңғару қиын емес. Жол құрылысына қажетті инертті материалдар өз жерімізден табылады. Атап айтсақ, бүгінгі күні битум, қиыршық тас, асфальт өнімдерін дайындайтын бірнеше өндіріс көзі іске қосылды. Аталған жобалар өз деңгейінде жұмыс жасауда.