Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Абаданова Алия Сабырбайқызы 06.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек аға. Мен Абаданова Алия Сабырбайқызы. Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосының тұрғынымын. Мұнайлы ауданының №1 орта мектебінде мұғаліммін. Жолдасым Аширов Сағынжан Мәлікұлы №5 орта мектепте мұғалім.
Бір қызымыз бар. Жолдасым екеуіміз «НұрОтан» ХДП-ның белсенді мүшесіміз. Қазіргі таңда баспанамыз жоқ. Әр жерлерде үй (сарай) жалдап тұрып жатырмыз. Тұрғын үйге аса мұқтаж отбасымыз. Мектепішілік тұрғын үй кезегінде тізімдеміз.
Қазіргі таңда мұғалімдер отбасына аса көңіл бөліп жатқан кез емес пе?
Мені алаңдатып жүрген мәселе аяғым егіз балаға ауыр, отбасымыз үлкейеді. Бірақ жалдап тұрып жатқан үйіміз (сарайымыз) өте тар, ремонты нашар. Дәл қазір үй сатып алатын немесе ипотекаға алатын жағдайымыз жоқ. Аудан әкімшілігі мен аудандық «НұрОтан» ХДП-ның төрағасы Абилов Елубай мырза мен оның орынбасары Есенбай Құли мырзаның да хабары бар. Өйткені мен «НұрОтан» ХДП-ның төрағасы мен орынбасарының атына екі рет арызданған болатынмен. Бірақ ешқандай жауап жоқ. Сондықтан да мен сізден өтініп сұрайтыным, осы жағдайымды ескеріп бюджеттік қызметкерлерге салынған үйден пәтер бөлгізуіңізді сұраймын.
Администратор 03.06.2010
Құрметті Әлия Сабырбайқызы! Сіз 2008 жылдың 21 қаңтарында Маңғыстау селосында орналасқан №1 орта мектептегі кәсіподақ ұйымы төрайымының атына жазған арызыңыздың негізінде жұмыс орныңыз бойынша пәтер сұраған азаматтардың тізімінде №14 болып тұр екенсіз. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабында: «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайды» делінген. Өзіңіз сияқты баспанаға мұқтаж жандармен қатар кезегіңізді күту қажет. Уақытша қиындықтарға мойымаңыз. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев