Интернет-конференция Акима Кызылординской области Куандыкова Б. - «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 29 января 2010 года «Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана»

- Вопросы: 29
- Ответы: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Интернет-конференция Акима Кызылординской области Куандыкова Б.
Ахмет Бекзат 11.06.2010, Номер вопроса:
Кұрметті Болатбек Қуандықов! Елбасы «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолының ел экономикасына тигізер оң әсерлері туралы айтты. Қазіргі таңда қандай жұмыстар жүргізілуде?

Администратор 11.06.2010
Өңірімізде жобаны іске асыру барысында биылғы жылы 3700-ден аса жол-құрылыс техникалары жұмысқа кірісіп, 15 250 жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.Сонымен қатар 3,4 млн текше метр қиыршық тас, 2,5 млн текше метр құмды қиыршық тас, 109,0 мың тн битум, 49,0 мың текше метр темір-бетон бұйымдары дайындалады. Мега жобаның құрылыс материалдарына өзіміздің облыстың темір-бетон зауыттарының өнімдері мен карьерлердегі құмды қиыршық тас пен шағыл тастар пайдалануда. Бұл өз кезегінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағытындағы бірқатар жобалардың жүзеге асуына үлкен серпін беруде. Қазіргі таңда жоба аясында 3400 адам жұмысқа тартылып, оның ішінде жергілікті жерден 2000 жуық адам жұмыс атқаруда.