«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 11.06.2010
  • 11.06.2010
  • Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

Мақшатов Серғазы 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қызылтам бекеті Жосалы кентіне жақын тұрғандықтан, көп жандар кенттегі емханаға жүгіреді. Ауылымызға жаңа типтегі емдеу орны қашан салынады екен?

Администратор 11.06.2010

Облыстағы емдеу ұйымдарының ескіргендері және алғашқы кезекте салынуға тиіс жерлері алдын–ала тізім бойынша жиналды. Олардың барлығы талқыланып, облыста 104 емдеу алдын-алу ұйымдарының қажеттілігі ескерілді. Биыл облыстық бюджеттен 66 млн теңге бөлініп, 7 медбекет салынады деп шешілді. Осы медбекеттің біреуі «Қызылтам» елді – мекенінде. Оған 9 млн теңге қаржы қарастырылды.