Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Сағындықова Жұмагүл 26.04.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Біз Жетібай кентінің тұрғынымыз. Кентімізде бірнеше жылдан бері шешілмеген мәселелер бар.
Олар:1) Жетібай кенті және Құрық кенті аралығындағы жол қашан жөнделеді?
2) Жетібай кентіндегі №4 Орта мектеп қашан салынады? Қазір оқып жатқан мектеп Кеңес Одағындағы балабақшаның ғимараты.
3) Көшеміздің бойынан су құбырын жүргізген, бірақ толық аяқталмаған, су келмей тұр.
4) Су бағасы өте қымбат.
5) Жаңа балабақша мен Спорт мектебі, Өнер мектебі қашан салынады?
6) ҰБТ орталығын өзіміздің ауданымызда болуын сұраймыз. Себебі: біздер Ақтау қаласына барып, сол жақта қонып, ертесіне тапсырамыз, ол бізге өте қолайсыз.
7) Жұмыссыздық мәселесі. Жастар жұмыссыз жүр.
Осы мәселелерді шешуіңізді сұраймыз!!!
Администратор 20.05.2010
Құрметті Жұмагүл Сағындықова! Сауалдарыңызға ретімен жауап берейін. Алдымен, «Жетібай-Құрық» автомобиль жолы туралы. Бұл -республикалық маңыздағы көлік жолы. Сондықтан, мәселеге «Қазақавтожолы» РМК облыстық филиалының күші тартылады. Осы мамыр айынан бастап аталған жолдың ой-шұңқырларын жамау жұмыстары жүргізіліп, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары алынады. Біз денсаулық сақтау мен білім беру мәселесіне қашанда басымдықпен қараймыз. Дені сау әрі сауатты ұрпақ керек елімізге. Жетібайға жаңа мектеп ғимаратының қажеттігі даусыз. 2011 жылы 624 орындық жаңа ғимараттың құрылысын бастау жоспарланды. Жобалық құжаттарына 1,2 млрд теңге қаралатыны да есептелініп тұр. Біз осыдан үш жыл бұрын облыс елді мекендерін 2010 жылдың басына қарай ауыз су, газ, электр жарығы, телехабарлар тарату және байланыс желілерімен қамтамасыз етуді мақсат еттік. Мақсат орындалды. Ендігі уақытта жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын жай массивтерін қамсыздандыру мен кентішілік жұмыстарды жалғастыру қажет. Жетібай кентінің ішіндегі су құбырының құрылысына ағымдағы жылы 5 мамырда конкурс өткізілді. Жалпы, құрылыс жұмыстары 2011 жылы аяқталуы тиіс. Кентте биыл басталатын құрылыстың бірі - балабақша нысаны. Шілде айында 280 орындық балабақшаның іргетасы қаланады деп жоспарланып отыр. Ал, спорт кешені мен өнер мектептері құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Ауданнан ҰБТ орталығын ашу туралы ұсынысты жергілікті басқару органы алға тартып, мәселе облыстық білім басқармасы тарапынан қаралған. Бірақ, мектеп бітірушілер санының аздығына байланысты ҰБТ орталығын ашу әзірге мүмкін емес.