«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Пірімбетов Алмат 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
«Кеңес» дәуірінен шешімін тапппай келген, өзекті мәселенің бірі болатын «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автожолының 15 шақырымындағы Тереңөзек кенті тұсында Сырдария өзеніне көпір қашан салынады?
Администратор 11.06.2010
«Самара-Шымкент» автожолының 15 шақырымында Тереңөзек кенті тұсынан Сырдария өзеніне автомобиль көпірін салуға техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасының 2-ші кезеңіне енгізуге ұсынылды. Бүгінгі күнге бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне жасалған салалық сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта осы негіздеменің мемлекеттік сараптама қорытындысын бекітуге ҚР-ның Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігіне тапсырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.