Ақтөбе облысы әкімшілігінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференциясы.
2010 жылғы 23 маусымнан бастап 2010 жылғы 10 шілде аралығында Ақтөбе облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 23.06.2010
- 10.07.2010
- ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМАТОМ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Рима Ильясова 03.07.2010, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыздар ма! Мен осы мумкиндикти пайдаланып осы сурагымды койсам деймин! Мен жеке фирмада жумыс истим, жалакым жаман емес, аздаган жинагым бар. Турмыс курмаганмын. Ипотека алсам деген ойым бар. Бирак бирнеше банктерге барып есептеткенде проценти коп, оган да батылым жетпей отыр. Сурагым маган женилдикпен ипотека алуга мумкиндик бар ма?
Администратор 13.07.2010
Халқымыздың тұрғын-үй мәселесін жақсарту барысында елімізде екінші деңгейдегі банктер арқылы (ЕДБ) 20 жылға дейін ипотекалық несие беру іске асырылауда. Біздің облыс бойынша ЕДБ 17 филиалы жұмыс жасайды. Олардың ішкі саясаты бойынша ипотекалық несие алуға тұтынушылардан түскен өтініш жергілікті жерде сараптамадан өткізіліп, бас банкке келесім алуға жіберіледі. Келісімнен өткен өтініш иелеріне жергілікті филиалдар арқылы несие беріледі. Интернет-конференция барысындағы Рима Ильясованың сұрағына байланысты әрбір банктің өзінің несие саясаты бар екендігін, соған байланысты олардың шарттары, пайыздық ставкалары әртүрлі болады. Осыған байланысты, тұтынушыға бірнеше банктің шарттарын салыстыру арқылы өзіне ыңғайлы шешім қабылдауы қажет. Бүгінгі күні Қазақстанда аталмыш мәселені шешу мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылып, жұмыс жасауда. Бұл банкте жеңілдіктер қарастырылған «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» атты бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осы банктің ұсынып отырған қызметтері тұтынушалар үшін ең тиімді болып саналады.