2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Темешев Дидар 27.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Неге КПО-ға жұмысқа кіру үшин ағылшын тілін білу керек, біздер қазақстанда түрамызғой. Егерде басқа шетелдерде оз тілдерімен жұмыс жасайды. Неліктен шетел азаматтарының жалақылары біздердің жалақыларымызға қараганда 4-5 есе көп, істейтін жұмыстарымыз бірдей немесе артық болмаса кем істемейміз.
Администратор 30.11.2010
КПО б.в. компанияға кіру үшін міндетті түрде ағылшын тілін білу талабын қоймайды. Бос орындар жөнінде хабарландырулар берген кезде «мүмкіндігінше білуі» деп жазылады. КПО б.в. компаниясы қызметкерлерін ағылшын тіліне өз Оқу орталығында оқытады. Шетелдің жаңа техникалары мен технологияларын толық меңгеру мақсатында ағылшын тілін білуі қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің» (әрі қарай ҚР ЕК) 7 бабының 2 тармағына сәйкес ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. Егер лауазымның біліктілік талабында тіл білу талабы көрсетілген жағдайдан басқа. (мысалы: аудармашыға). ҚР ЕК 121 бабының 1 тармағына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Сонымен бірге ҚР ЕК 7 бабының 4 тармағына сәйкес еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы екенін қаперіңізге саламыз.