ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Тілегенова Маржан 20.09.2010, Сұрақ нөмірі:
Салеметсіз бе Түймебаев мырза!!! Мен Түркістан қаласындағы ХҚТУ-де оқимын. Осы университетке түсу арманым еді... Енді оқуға түсіп болғаннан кейін қарасам Университетің білім сапасы өте нашар екен. Ертең диплом алсам мені жұмысқа алмай ма деп те қорқам... Мұғалімдері де нашар біледі. Білікті мамандарды Информатика кафедрасына арнайы жіберсеңіздер екен деп қатты өтінемін сіздерден?! Алдын ала көп рахмет! АЛЛА разы болсын сіздерге... Жауап күтемін