ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Кожахметов Малик 29.07.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қайрат Айтмухамбетұлы! Мен, Қожахметов Мәлік, 13.12.1959 жылы туылган, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратына E-G-3 категориясы бойынша конкурс аркылы 14.12.2005 жылы тест тапсырып, арнаулы тексеруден өткен соң мемлекеттік қызметке алындым. "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес, 3 жылдан соң, яғни, 05.11.2009 жылы аттестациядан өттім де қызметімді жалғастырдым. Қызметке кірген уақыттан бері "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес өзімнің атымдағы жылжымайтын мүліктерді басқаруға және иеленуіне мүмкіндік беретін сенімхатты (Доверенность) әр 3 жыл сайын әйелімнің атына нотариус арқылы бердім: 02.02.2004 - 02.02.2007 жж.- 3 жылға; 27.02.2007 - 27.02.2010 жж.- 3 жылға; 01.03.2010 - 01.03.2010 жж.- 3 жылға; 2010 жылдың мамыр айында аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған комиссия селолық округ әкімі аппаратының іс қағаздарын тексеру барысында жоғарыда көрсетілгендей өз атымдағы жылжымайты мүліктерді "Доверенность" арқылы басқаруға бергенімізді заңсыз деп тауып отыр. "Доверенностьтің" орнына "Договор доверительного управления недвижимым имуществом" болуы тиіс, бұл Заң бұзүшылық дей келе, селолық округ әкіміне "непередача в доверительное управление имущества, принадлежащего на праве собственности" деген "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 27 бабын пайдаланып мені мемлекеттік қызметтен босату туралы ұсыныс дайындауда. Менің Сізден сұрайын дегенім: 1. "Доверенность" (генеральный доверенность) пен "Договор доверительного управления недвижимым имуществом" ның айырмашылығы неде? 2006 жылдың басынан бүгінгі кунге дейін мемлекеттік қызметте болған уақыт (4,5 жыл) заңсыз қызмет атқарған болып шықсақ, бұған дейін де неше тексеріс өтті ғой,олар уақытында кемшілікті (егер кемшілік болса) жоюды неге ескертпеген? 2. "Договор доверительного управления недвижимым имуществом" жоқ болғандықтан мені жұмыстан босатамыз дейді, жоғарыда айтылғандай біз өзіміздің мүлкімізді жасырып отырған жоқпыз ғой, доверенность арқылы басқа адамға басқаруға бердік ғой, осы аудан әкімі аппаратының кадрлармен жұмыс бөлімінің жасағалы отырған іс-әрекеттері қаншалықты заңды екендігін білгім келеді?. 3. Біздің "Доверенность" дұрыс емес болып шықанның өзінде бірден қатаң шара қолданып, қызметтен босатуға әкім міндетті ме, әлде осы мемлекеттік қызметте болған 4-5 жылдың ішінде бірде-бір рет сөгіс немесе ескерту алмай қызмет атқарып келгеніміз ескерілмей ме? Оның үстіне жас ерекшелігімізді ескерсе болмай ма?- жасымыз елуден асты, бұдан соң отбасымды қалай асыраймын, елуден соң бізді қызмет емес күзетшілікке де алмайды ғой. 4. Рас, "Заңды білмеу - жауапкершіліктен құтқармайды" деген емес пе, десектағы, осы "кемшілікті" жойғанша уақыт беріп, бұдан былай құжаттрға ұқыпты болу үшін бірінші ретте, әкімшілік жауапкершілікке немесе тәртіптік жазаға тартумен шектелуге болмас па екен ? Ізгі ниетпен, Қожахметов Мәлік. 21.07.2010 ж.