Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С.Біләловтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С.Біләловтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 31
  • Жауаптар: 0
  • 21.08.2012
  • 23.08.2012
  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Сүлеймен Бекболатұлы 22.08.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Саламатсызба, Серік Сұлтанғазыұлы! Осы жылы біздің қаламызда мерекелер мен концерттер жиі өтіп жатыр. Оларға өзім жиі барып, өлең тыңдап, серуендеп келемін. Бірақ бұл жиындарда Мемлекеттік әнұранымыз орындалғанда кейбір азаматтар жай тұрып, тіпті қолдарын кеудесіне қоймай сөйлеп тұратын жағдайды кездестіргенім намысыма, патриоттық сезіміме тиеді. Мағжан сенген жастардың бұлай өз әнұранын құрметтемегені ұят. Серік Сұлтанғазыұлы, еліміздің әнұранын дұрыс айту тәртібі, өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы заңда жазылған ба, ол қай заң екенін түсіндіріп жіберсеңіз.