Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Жалмурзаева Гульнур Келгенбеккызы 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы! Мен өзім елге жаңадан келген оралман едім. Сіздің осы жылы ел халқына жолдаған Жолдауыңызды қолдай отырып, ондағы бірінші бағытта аталған «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасында біз секілді оралмандарды да қамту мәселесі көзделіп отырғанына ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі таңда оралман ретінде Бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтылатыныма үміттімін. Осы жаңа мекенде Бағдарлама аясында жаңа кәсіп меңгеріп, өзімді жұмыспен қамтуға мүмкіндіктер бар ма?

Администратор 10.04.2012

2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша оралмандарды бағдарламаға қатысушылар қатарына қосу арқылы тұрғын үймен қамту және әрі қарай тұрғылықты мекені бойынша кәсіби білім беріп, тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету мүмкіндіктері толық қаралған.