Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Сапаркулов Галымжан Сейдуалиевич 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсету, оларды қоғамға бейімдеу, оңалту мәселелеріне тиісті көңіл бөлініп келеді. Алдағы уақытта мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту мақсатында қандай шаралар жоспарлануда?
Администратор 10.04.2012
Мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктер қамтамасыз етілуде. Облыстағы мүгедек жандарды оңалту шараларын кеңейту мақсатында Шымкент қаласында 200 орындық заманауи медициналық құралдар мен қондырғылары бар орталықтың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау 2012 жылы, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2013-2014 жылдарға жоспарлануда.