Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Арман 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Бергей Сәулебайұлы!
Қала сыртындағы қоқыс мәселесі қашан шешіледі екен, соған жауап берсеңіз
Рахмет
Администратор 01.06.2012
Бүгінгі таңда қала сыртындағы қоқыс алаңдарындағы тұтану жағдайлары қатты тұрмыстық қалдықтардың (оның ішінде шыны заттарының) күннің қатты қызуы әсерінен орын алып отырғандығын хабарлайды. Осыған байланысты аталған аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында қоқыс полигонында күнделікті «Арнаулы автобаза» КМК-ның 7 арнайы техникасы жұмылдырылғандығын және бұнымен қоса қатты тұрмыстық қалдықтарын төгетін жаңа полигон орнының құрылысы жүргізіліп жатқандығын қаперіңізге береді.