Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Эльмира 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
2011-2012 жылғы мал қыстағы науқанын ойдағыдай атқаруға қажетті мал азығының дайындалу барысы қалай жүруде?
Администратор 26.10.2011
Облыс бойынша мал қыстату науқанына 276 200 шартты мал басы түседі. Жоғарыдағы мал бастарына қыстақты сәтті атқару үшін 605,0 мың тонна ірі сабақты мал азығын дайындау қажет. Күні бүгінге 650 мың тонна пішен дайындалып, қажеттілік 107% қамтамасыз етілді. (2010 жылы дайындалғаны 581,0 мың тонна) Мал азығын дайындау жұмыстары әлі де жалғасуда, ауа райының мүмкіндігіне қарай отырып, мал азығы қорын барынша мол жасақтаудың барлық шаралары алынуда.