Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 134
  • Жауаптар: 134
  • 12.03.2013
  • 14.03.2013
  • Ақмола облысының әкімдігі_1203

Мұрат 13.03.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қосман Қайыртайұлы! Елбасының Жолдауында айтылғандай, орталықтарда ағылшын тілін де оқыту ісі қолға алынды ма?

Администратор 13.03.2013

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап, облыстық оқыту-әдістемелік орталығында мемлекеттік қызметшілерге арналған ағылшын тілін үйретудің курсы ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі күні 5 оқу тобында 40 тыңдаушы ағылшын тілін оқып жатыр. Сондай-ақ қыркүйек айынан бастап «Зеренді аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесінде 5 топта 34 тыңдаушы тілді үйреніп жатыр. Алдағы уақытта барлық Орталықтарда ағылшын тілін үйрету курстарын ашу жоспарда тұр.