Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті облыс әкімі! Созақ ауданы қысы қатты аудан. Менің айтпағым жыл сайын қыс мезгілінде Бәйдібек ауданының Алғабас аулынан Созақ ауданының шекарасына дейінгі жер, Бәйдібек ауданының коммуналдық мекемесі тарапынан тазаланбауы себепті жол жабылып, аудан азаматтары Тараз қаласы арқылы Шымқалаға қатынауда. Себебі Бәйдібек ауданының Алгабас ауылынан біздің ауданға дейінгі жерді тазалауға Бәйдібектіктер мүдделі емес, ол жолмен негізінен тек біздің ауданға қатынайтын көлік құралдары ғана жүреді. Сондықтан менің ұсынысым сол жол бөлігін (жерлерін айтып тұрғаным жоқ) жалпақ тілмен айтқанда трассаны Созақ ауданының балансына өткізссе. Себебі біздің аудан ол жолдың қашанда ашық болғанына мүдделі. Тиісінше сол жолға облыстан бөлінетін (бөлінсе егер) қаржыны аудандық бюджетке аударса. Рахмет.

Администратор 10.04.2012

Облыстық маңызы бар автомобиль жолын ауданның теңгеріміне беру Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II Заңының 3-бабының 3 тармақшасына қайшы келеді. Мәселе белгілі. Талапты күшейтіп, жұмысты жақсарту керек. Осы бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр.