Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Андасова А. 09.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе? Жаңа оқу жылының алғашқы айы аяқталды. Барлық оқушылар мектепке барды. Олардың арасында көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балалар да бар. Бұл категориядағы балаларға мемлекеттен және жергілікті атқарушы органдардан қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
Администратор 09.10.2012
Қолжетімді білім беруде оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету негізгі мәселенің бірі болып табылады. Облысымызда 2010 жылдан бері мектептерді ұстауға арналған жалпы соммасының 3% (республикада 2%) әлеуметтік көмек беруге бөлінеді. Бұл аз қамтамсыз етілген отбасынан шыққан балаларды 100% ыстық тамақпен, киіммен, аяқ киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік адрестік көмек алатын отбасының балаларына, отбасының кірісі өмір сүру деңгейінен төмен отбасынан шыққан балаларға, төтенше жағдайларға байланысты шұғыл көмекті қажет ететін отбасы балаларына және білім беру мекемелерінің алқалық органдарымен анықталған басқа да тәрбиеленушілер мен оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетілуде.