Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Зайыр А 10.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Ерлан Арын, мен Кенжекөл ауылында тұратын көп балалы анамын. Менің 4 балам Кенжекөл ауылындағы мектепте оқиды. Екі балам бастауыш сыныпта. Мектептің оқу кабинеттері тар, ынғайсыз, сабақтар 2 ауысымда жүргізіледі. Осы мектепке басқа ауылдың балалары да келіп білім алады, Кенжекөл ауылы тұрғындарының саны да өсіп келеді ғой. Осыған байланысты Кенжекөл ауылында жаңа мектептің салынуы жоспарда бар ма?
Администратор 10.10.2012
Сіздің сұрағыңыз өте орынды. Қазір облыстың кейбір аудандары мектептерінде оқушы орындарының жеткіліксіздігі байқалуда. Біз бұл проблеманы шешіп келеміз. Осыған байланысты 5 мектептің, оның ішінде Кенжекөл ауылында 600 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілді. Мәлімет үшін: Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында 300 орындық, Баянауыл ауданы Майқайын кентінде 420 орындық, Ақсу қаласының ауылдық аумағындағы Қалқаман ауылында 300 орындық, Лебяжі ауданы Аққу ауылында 300 орындық мектеп салынады деп жоспарлануда.