Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 54
  • Жауаптар: 44
  • 30.05.2012
  • 02.06.2012
  • Маңғыстау облысының әкімдігі

Әсем Женісова 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті облыс әкімі Бергей аға! Осы интернет конференцияның пайдаланып, өз лебізімді жеткізгім келеді. Бүгінде облыста жалпы тұрғындар үшін, жастар үшін бар мүмкіндікті жасалып отыр. Алматы мен Астананың орталық кітапханаларынан кем түспейтін кітап қоры аса бай кітапхана, мұз айдыны сарайы, білім ордалары, спорт кешендері біздің саламатты өміріміз үшін арналғаны бізді қуанышқа бөлейді. Дүйім ел дағдарыс деп даурығып, оқу ақшасын төлеу ата-ана үшін мұң болғанда, төрт жыл қатарынан үш мың студентке қызу қолдау көрсетіліп, оқу ақысына көмек берілді. Сондай-ақ сіздің тікелей қолдауыңыздың арқасында замандастарымыз шетелдерде білім алуда, тіл үйреніп, тәжірибелерін шыңдауда. Ертең бәріміз де еліміздің атын шығарып, экономиканың қарыштауына, туған жерді көркейтуге өз үлесімізді қосатын боламыз. Осындай қамқорлықты сезіне отырып, қайырымды болудың, игі іс жасай білудің үлгісін аламыз. Сізге мың да бір рахмет, қызметіңіз өрлей берсін және барлық бастамаларыңызды қолдаймыз деп жастар атынан тілек білдіреміз.