СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Біләлов Серік Сұлтанғазыұлының қатысуымен «2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының Солтүстік Қазақстан облысында басымды бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына интернет-конференция

  • Сұрақтар: 22
  • Жауаптар: 22
  • 20.09.2011
  • 21.09.2011
  • СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Айжан 21.09.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасы биылғы Жолдауында тілдерді дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осы бағытта біздің облыста қандай жұмыстар атқарылуда?

Администратор 22.09.2011

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу қажеттігін атап көрсетті. 2009 жылы жалпы облыс бойынша мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 90%-ды, кіріс құжаттарының үлесі 61%-ды құраса, 2011 жылдың 9 айында мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттары 96 пайызды, кіріс құжаттары 74 пайызды құрады. 2011 жылы Мемлекеттік тілді оқыту орталығында 68 топта 1028 тыңдаушы оқытылды. Соның ішінде 61 топ қазақ, 5 топ ағылшын және 2 топ орыс тілдерінде. Облыс алғашқылардың бірі болып «ҚР Мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» кешенін пайдалануда. 2010-2011 жылғы оқу жылында Мемлекеттік тілді оқыту орталығының 10 тобында және Уәлиханов, Айыртау, Жамбыл аудандарында бұл кешен апробациядан өткізілді. Мемлекеттік қызметшілерді «Қазтест» жүйесі бойынша сынақтан өткізу тәжірибеге енгізілді. Соның нәтижесінде емтиханда қойылған талап та күшейтілді. Жыл басынан бері тілді насхиттауға байланысты 15 іс-шара өткізілді. Жүйелі түрде өткізіліп тұратын Абай, Мағжан оқулары, "Мемлекеттік тіл - менің тілім", көркемсөз оқу шеберлері байқауларының орны ерекше. Ұлы жерлесіміз Мағжанның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Мағжан көктемі» бірінші республикалық фестивалін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көркем сөздің хас шебері Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі республикалық байқау біздің облыс орталығында өтеді. Қызылжар өңірінің топонимдерін қайта жандандыру, өлкеге деген ыстық ынта-ықыласын, патриоттық сезімін күшейту мақсатында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің» тақырыбында облыстық шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Жүлдегерлердің еңбектері кітапша етіп бастырылды. Облыста Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленуде. Жаңа бағдарламада тіл саясатын іске асыруда көптеген шаралар көзделген.