Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Берикбаева. Жумабике 14.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметі облыс әкімі. Дәрігердің қателігінен жұлынга(Спинной мозг) операция жасалып, 1-топтағы мүгедек болып қалдым. Жұлынды емдеуге, Германия еліне квота алып беруге көмек беруіңізді сұраймын. Берикбаева.Ж
Администратор 15.06.2012
Құрметті Берікбаева Жұмабике! Мемлекет қаражаты есебінен емделгісі келетін республика тұрғындарының құжаттары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманының қорытындысымен ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге жіберу ережесін бекіту туралы № 2016 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2011 жылғы 10 қыркүйекте шыққан № 1093 ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша комиссиясына жолданады. Шетелге емделуге жіберу туралы толық ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан (302043 байланыс телефоны) алуға болады.