Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Жанжігітова Ұштап 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім мырза! Біз Жанаөзен тұрғындары қаламыздағы жасалып жатқан игі істерге өте қуаныштымыз. Сол игі істердін тек қаланың ортасындағы көшелермен шектелмей қаланың көзге көрінбейтін жерлерінде орналасқан үйлердін де жер төлелеріне, шатырларына, үй аралық жолдарға да жөндеу жұмыстары жүргізілсе,тек бояу шашып коймай реттік сандарын жазып подъездеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізіп,балалар ойнайтын аланшалар жасалса екен деген тілегімізді жеткізгіміз келеді.
Администратор 14.06.2012
Құрметті Жанжігітова Ұштап! Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тұрғын ретінде оң көзқараспен қарап, баға бергеніңізге ризамын. Әзірге, негізгі орталық көше бойында орналасқан үйлердің сырт келбетін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ал, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын, жертөлелерін жаңғырту мәселесі «ҚР тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көзделген. Бұл бағдарлама бойынша көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу тұрғындардың ортақ мүлікке деген көзқарасын түбегейлі өзгерту нәтижесінде атқарылатын шара болып табылады. Жаңаөзен қаласындағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктерін толықтай күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары «Шаңырақ» шағынауданының 18 үйінен басталып іске асырылуда. Қаладағы шағынаудандарға 5 жерден спорттық алаңшалар салу ағымдағы жылғы жоспарда бар. Ол жұмыстардың алғашқысы бүгінгі күні «Самал» шағынауданының ½ үйінің алдына салынып жатыр.