Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Ұзақбайқызы Гүлбану 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәламатсызба!
Менің аты-жөнім Ұзақбайқызы Гүлбану (1992 ж.т.) - жұмыссызбын. Анам -көп жылдан бері ауырып 2001 ж.жылы қайтыс болған, ал әкем 2004 жылы қайтты. Осы уақытқа дейін апаммен бірге тұрып келдім. Апамда Мұханқызы Злиха (1986 ж.т.) осы жылы қайтыс болды, қазіргі таңда бір өзім қалдым. Осы ауыр жағдайымды жаза отырып, мені Жаңаөзен қаласындағы бала-бақшаға жұмысқа орналастыруыңызды сұраймын. Өзім тұлдыр жетім болғандықтан, көпшілікте, әсіресе балалармен жұмыс жасағым келеді. "Жетім көрсең - жебей жүр" деген мақалда айтылғандай осы өтінішімді аяқсыз қалдырмауыңызды өтінемін.
Администратор 15.06.2012
Құрметті Гүлбану қарындасым! Алдымен, сенің жеке басыңдағы қайғыңа ортақ екендігімді білдіргім келеді. Жанұялық жағдайыңның қиындығын көтеріп, артыңнан ерген іні-сіңлілеріңді тәрбиелеуге үлес қосқың келетіні қуантарлық жағдай. Ел болашағы өзің сияқты жастардың қолында. Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша аталған бөлімнің берген жолдамасымен қаладағы балабақшаларға жұмысқа орналасуға болады. Ал, егер арнайы білімің болмаса, аталған бөлімге тіркелу арқылы 1 айлық курстан өтіп (жанұялық жағдайлардың барлығы ескеріледі), алдағы уақыттарда ашылатын балабақшаларға тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндігің бар.