Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Қанат 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Салаумалейкум, Бергей Сәулебайұлы!
Мен 2008 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Жеке кәсіпкерлікті ұлғайтқым келеді. Мемлекеттік органдардың (мектеп, бала-бақша т.б) – «Жылу қазандықтарына және жылу жүйесіне техникалық қызмет» (тех. обслуживание котлов и тепловых сетей) көрсетіп өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл үшін ИП-ның атына лицензия алғымыз келеді. Сол жөнінде біздер өзіміздің Құлсары қаласына жеке кәсіпкерлердің сұрағына жауап беруге келген Институт повышения квалификации «МПА» «Туран-профи» мекемесіне бардық. Олармен келісім-шарт жасастық 24.08.2011ж. Оларға жазбаша түрде арыз жаздық. Олар бұл лицензияны алу жөнінде жауап береміз деп уәде берген, бірақ осы уақытқа дейін жауап жоқ.
Бизнесті дамытуға, Лицензия алуға сіздердің тараптарыңңыздан қандай көмек болады?
Рахмет!
Администратор 26.10.2011
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауапты хатшысының 2010 жылғы 8 қарашадағы №371 бұйрығына сәйкес таукен өндірісі және электроэнергетика қызметінің жекелеген түрлерін лицензиялау бойынша уәкілетті органы ретінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне берілді. Осыған байланысты аталған мәселе бойынша толық мәліметті алу үшін лицензиарға хабарласуыңызға болады (010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 47, б/т 240758, ресми сайты www.comprom.kz)