Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Алижанов Али 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Бүгінгі таңда жанар-жағар май өнімдерінің бағасының өсуі байқалуда, облыс әкімдігі тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Администратор 30.05.2012
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап мұнай өнімдерінің бағалары 6 теңгеге өскен болатын. Яғни АИ-92/93 – 106 теңгеден – 112 теңгеге, АИ-80 – 86 теңгеден – 91 теңгеге өсті. Бұл мұнай өнімдеріне шекті бағаны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен келісіліп бекітілді. Атырау облысы әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы монополияға қарсы Агенттігі және аудан әкімдіктерімен бірлесіп жанар-жағар май қорлары мен бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіліп, реттелуде.