Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Назгуль Ризуанова 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлік қалай дамуда?
Администратор 30.05.2012
2012 жылдың 1 мамырына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны 31252 бірлікті құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3 -%-ға көбейген. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 86,2 мың. адамды құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 -%-ға көбейген. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 101,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішімен салыстырғанда 2,0 %-ға көбейген (өсім үрдісі тұтыну баға индексінің есебімен). 2012 жылдың басынан облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 64 объектісі іске қосылды, оларда 260 жаңа жұмыс орны құрылды. Тағы да қосарым, шағын және орта бизнестің дамуында әкімшілік тосқауылды жою үшін лицензиялар мен рұқсат беру, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары 30%-ға қысқартылды. Менің блогімде кәсіпкерлер үшін арнайы бөлім ашылған. Бұнымен тоқтап қалмаймыз, жұмыс жалғасады. Елбасының осы жөнінде берген тапсырмасы бар, оны да орындаймыз.