Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Аймағанбетова Акжаркын, студент 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті облыс әкімі Бергей аға!
Осы интернет конференцияның пайдаланып, өз лебізімді жеткізгім келеді. Әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына ену, бәсекеге қабілетті ұлт – біздің мақсат – осы.Соның ішінде, Атыраудың жастары алтын асықтай болуға тиіс деп ойлаймын.
Бүгінде облыста жалпы тұрғындар үшін, жастар үшін бар мүмкіндікті жасалып отыр. Алматы мен Астананың орталық кітапханаларынан кем түспейтін кітап қоры аса бай кітапхана, мұз айдыны сарайы, спорт кешендері біздің саламатты өміріміз үшін арналған. Дүйім ел дағдарыс деп даурыққанда, оқу ақшасын төлеу ата-ана үшін мұң болғанда, жастарды қызу қолдау көрсетілді.
Қамкөңіл, көңілі жүдеу, сенері жоқ студент жастардың оқу ақылары өтелді. Осылайша 4 жыл қатарынан 4000 студенттің оқу ақысына көмек берілді.
Осындай ізгіліктен жастар қамқорлықты сезіне отырып, қайырымды болудың, игі іс жасай білудің үлгісін алады. Бірлігі бекем елдің ұтарынының көп екендігіне көз жеткізді облыс халқы.
Дарынды балаларға, жас мұғалімдерге, облыс дәрігерлеріне әрдайым уақыт та тауып, көңіл де бөлінуде. Білім алам деген жасқа кең мүмкіндік берілді. Замандастарымыз шетелдерде білім алуда, тіл үйреніп, тәжірибелерін шыңдауда. Олардың қатарында қырыққа жуық Атырау жастары, біздің қатар-құрбыларымыз бар. Ертеңгі күні олар еліміздің атын шығарып, экономикасының қарыштауына еңбектерін арнамақ. Жүсіп Баласағұнның мынадай бір сөзі бар: «Ақыл – шырақ қара түнді ашатын, Білім – жарық нұрын саған шашатын», «Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, тоналмас» дейді.Қанша мың жас арман қуып алыста жүр. Олар жоғалмайтын, тоналмайтын байлықты – білімді іздеушілер. Президентіміздің «Еуропаға - жол» дегені осы да болар. Осындай қолдаулар өңірде жалғаса берсе екен деген тілек білдіреміз.