Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Абилова Айнур Есбулатовна 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
«Өнімділік 2020» бағдарламасы деген не және ол не үшін керек?
Администратор 30.05.2012
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тетіктерінің болып табылады. Бағдарлама кәсіпорындарға өндіріс дамуының әртүрлі бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде энергошығындарды төмендетуге, тиімділікті, өндірістің көлемін, және кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға көмектесетін тетіктер қол жетімді болады. Яғни, мемлекет сол компаниялар өздерінің өнімділігін жақсартып, ел экономикасы өсуінің қуатты негізі болуы үшін кәсіпорындарға қаражат жұмсайды.