Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 54
  • Жауаптар: 44
  • 30.05.2012
  • 02.06.2012
  • Маңғыстау облысының әкімдігі

Амандосова Қатима Құдайбердіқызы 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Атырау қаласы, Құрсай ауылы тұрғынынан. Бергей Сәулебайұлы, саламатсыз ба! Біздің ауылдағы жалғыз мектеп ескірген, апаттық жағдайда. Алайда, басқа мектеп алыс болғандықтан балаларымызды амалсыздан сол мектепте оқытудамыз, Сізден сұрайын дегенім Құрсай ауылына мектеп қашан салынады екен?

Администратор 01.06.2012

Сұрағыңыз дұрыс, қазіргі уақытта мектеп құрылысын салу республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылға жоспарланып отыр.