Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.05.2011
- 30.05.2011
- Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Бекет Ахметов, қала тұрғыны 30.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Елеусін Наурызбайұлы, Сізді жұртшылық мемлекеттік тілдің жанашыры ретінде жақсы біледі. Облыс әкімдігі тарапынан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудегі істің жайына тоқталсаңыз...
Администратор 30.05.2011
Жыл сайын тіл саясатын жүзеге асыруға бөлінетін қаржы көлемі артып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін материалдық-техникалық, әдістемелік жағдайлар жасауға, оқу құралдарын шығаруға, облыста тұратын өзге ұлт өкілдерінің өз ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруіне, БАҚ құралдары арқылы тілдік орта қалыптастыруға, озат тәжірибені насихаттау мақсатында 2005 жылдан бері 256 млн. 267 мың теңге бөлінді. Облыста ересек тұрғындардың да мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеру қажеттілігін қанағаттандыру үшін барлық жағдайлар жасалды. 2007 жылы басқарма жанынан тілдерді оқыту орталығы ашылып, Қобда, Мәртөк, Хромтау, Алға аудандарында, Ақтөбе қаласында орталық өкілдіктері жұмыс жасайды. Орталық ашылған 2007 жылдан бері 4050 адам мемлекеттік тілді үйрету курсымен қамтылды. Мемлекеттік басқару органдарының іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің белсенді түрде іске асырылуына қол жеткізілді. Облыс республикада алғашқылардың бірі болып 2006 жылы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірді. Қазіргі таңда облыс мемлекеттік басқару органдарындағы құжат айналымның мемлекеттік тілдегі үлесі 90 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік тілде білім алатын балалардың үлес салмағы жылдан-жылға көбеюде. Бүгінгі таңда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 64 пайызы, мектепке дейінгі білім мекемелерінің 67 пайызы қазақ тілінде білім-тәрбие береді. Қазіргі таңда балабақшаларға баратын бүлдіршіндердің 78 пайызы, ал жалпы білім беретін мектептерге баратын балалардың 81 пайызы қазақ тілінде оқиды. «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және қазақстандық рухани бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 2004-2010 жылдар аралығында мемлекеттік тіл саясатына қосқан зор үлестері және тілді меңгерудегі жоғары көрсеткіштері үшін 19 адам автокөлікке, 7 адам пәтерге ие болды. Республиканың өзге өңірлерінде жоқ дәстүрге айналған бұл марапат - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы табанды ұстанымның бірден-бір дәлелі.