Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Тахауов Бауыржан 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Қазақстан бойынша бірінші рет Атырау қаласында мүгедектер спорт клубына спорт кешені арнайы берілді. Мүгедек спортшыларға қолдау көрсетіп, арнайы спорт кешенін сыйға тартып отырған Сізге, Бергей Сәулебайұлы, алғысымыз зор. Қашанда, спорт жанашыры бола білген ел ағаларының арқасында, ел спорты алға басып, әлемдік аренада көк туымызды желбірететін саңлақ спортшылар саны жылдан-жылға көбейе берсін.
Администратор 26.10.2011
-Рахмет! Облысымызда қазіргі таңда 14 мыңнан аса мүгедек бар және оның 50 пайызы қалалық жерде тұрады. 2000 жас жеткіншек - әртүрлі санаттағы мүгедектер. Басты мақсатымыз - дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы мүгедектерді дене-күш жағынан оңалтуды жүзеге асыру және барлық санаттағы мүгедектерді дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту болып табылады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдың ішінде әр сала да өркендеп, экономикасы дамыған мемлекетке айналды. Солардың қатарында спорт саласы бойынша да, Атырау облысының спортшылары әлемдік аренада көк туымызды аспандатып келеді. Елбасымыз жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттік стратегияға айналдыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманың жүзеге асуының айқын мысалы ретінде сіздерге жағдай жасалуда. Болашақта еліміздің көк байрағын жетістіктер шыңдарына жеткізіп, облыс абыройын асқақтата беріңіздер.