Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Сактау 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Ішкі нарықта азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Администратор 26.10.2011
Өздеріңіз бұрыннан білесіздер, сонау Кеңес Одағы кезінен-ақ Атырау мен Маңғыстау облыстарында орта баға 30-40 пайызға жоғары болатын. Соған қарамастан атқарылған жұмыстардың арқасында бағаны Үкімет белгілеген деңгейде, өзге облыстардың деңгейімен бірдей етіп ұстап отырмыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға және оларды нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатуға «Атырау ӘКК» ҰК» АҚ-ын капиталдандыру жолымен жергілікті бюджеттен 407,0 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерін жеткізуге келісімшарттар жасалып, 12 түрлі азық-түлік өнімдері: күріш, қант, сары май, өсімдік майы, макарон өнімдері, сиыр еті, жұмыртқа, картоп, жуа, майда, арпа және сұлы жармасы әкелінді. Әкелінген өнімдер арнайы жүйеге сәйкес белгіленген орындар арқылы «Дина» базарында 10 орын, «Көктем» базарында 7 орын, «Насиха» базарында 3 орын және «Атаба», «Идеал», «Лидер» супермаркеттерінде 2 орыннан сатылуда. Сонымен қатар, азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын құру мақсатында «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ-ы арқылы «Азық-түлік» келісімшарт корпорациясы» АҚ-дан 229,160 млн.теңге несиеге қаражат қарау көзделген. Аталған қаржыға картоп-5000 тонна, сәбіз-1000 тонна, көк жуа-1800 тонна, сары май-50 тонна, өсімдік майы-50 000 литр, қарақұмық-45 тонна, қант-150 тонна, майда жармасы-30 тонна алынған. Облыс халқын аса қажетті азық-түлік тауар өнімдерімен қамту және бағаларды тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстар үнемі бақылауда болады.