Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Алма 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
2010 жылдан бастап 6 баласы бар аналарға «Күміс алқа», 7 баласы бар аналарға «Алтын алқа» белгілері беріледі деп естіп, құжаттарымды жергілікті әкімдікке тапсырдым. Маған қандай жәрдемақылар тиісті болады?
Администратор 26.10.2011
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы №211–IV «Қазақстан Республикасы наградалары туралы» Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес алты, жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталады. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналарға 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. «Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте, «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.