Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Қарасаев Орынғали 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Ел Президентінің жасампаз саясатының жемісі - Қазақстан қоғамындағы оң өзгерістердің келісті көрінісі облыс өмірінен айқын көрінуде. Бүгін осы халықпен жасап жатқан ашық әңгімені пайдаланып, ойымды айтайын. Бүгінде Атырауды кешегі күнмен салыстыра алмайсыз. Мүлде өзге кескін, жаңа келбет. Бүгін Атыраудың қаласына да, ауылында да бұрын-соңды болмаған жаңа құбылыс, түбегейлі өзгеріс. Қордаланып, халықтың үмітін үзген өзекті мәселелер шешілу кең үрдіс алды. Кейде осындай қырық жылға татырлық жүкті небары бес-ақ жылда атқарған қылыштай жастың қарқынына таң қаласыз. Ер айтпас, айтса қайтпас деген. Жергілікті жердің мүддесін қорғауға келгенде темірдей тегеурін мен жүйелі тәртіпті шебер қолдана білдіңіз. Алысты таразыға салып, болжамдай қарап, алдына бір жылдық емес, он жылдың жоба-жоспарын құрып, тайға таңба басқандай мақсат қойылды. Бұл да іскерліктің, тапқырлық пен ұтқырлықтың белгісі. Жердің, елдің байлығына қарамастан, облыс орталығына күні кешеге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей, қаланың инфрақұрылымының өскелең заман талабынан кенже қалғанын, тұрғындарға жайсыз тигенін жақсы білеміз. Қара балшыққа батып, қоқыстан арылмай, су мен жылуға жарымай, инфрақұрылымы тозып, мұнайлы астана деген атына заты сай келмей жатқанын кезінде өз көзімізбен көрдік. Міне, бүгін, республикада инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары енді басталып жатқанда Атырау өңірінде бұл жұмыстар аяқталып, ірі-ірі деген жеті бірдей басты бағдарлама: ауыз су, газ, электр энергиясымен қамту, су құбырларын жаңарту, канализация желісін жетілдіру, ескі, апаттық үйлерді бұзу және бүкіл қалада бұқаралық спорт нысандары мен кешендерін салуды уақытынан бұрын толықтай аяқталды. Қаланың инфрақұрылымы, инженерлік жүйесі түбегейлі өзгерген және бұл мәселелер алдағы 40-50 жылға шешіліп қойыпты. Ал көлік инфрақұрылымын дамыту, жол, көпір салу ісінде Атырау өңіріне бәсекеге тұрарлық ешбір облыс жоқ шығар. Одан басқа қаншама мектептер, балабақшалар, емдеу орындары, мәдениет нысандары салынып, басқа әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асуда. Енді облыста осындай нысандар салудың қажеттілігі жоқ екен. Осыны естіп, таң қалдым. Аз уақытта осыншама жұмысты тындыру кез келгеннің қолынан келмейтіні рас. Оған қоса, өңірде экономиканың барлық саласында – оң өзгеріс, тың жаңалық, серпінді шаралар, үлкен жұмыстар атқарылып, кезек-кезегімен игілікке пайдаланып жатырмыз. Барды бар деу - парыз. Бұндай жұмыс бізде қашан болып еді! Бұндай ауқымды құрылыс, құрыштай қайнаған қызу еңбек дүрілдеген кеңес дәуірінде де кездеспеген жай еді. Бұндай істі біз армандап па едік! Міне, Атырау жұрты Тәуелсіздіктің 20 жылдығын осындай үлкен жетістікпен, шарықтаған әсем көңіл күймен қарсы алғалы отыр. Президенттің де, халықтың да күткені осы емес пе? Мемлекет Басшысының саясатын сауатты жүргізіп отырған аймақ басшысы ретінде бас аяғы –төрт бес жылда осы тұғырда халыққа мінсіз қызмет етіп, ел көңілінен шығып, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өз қолтаңбаңызды қалдырып келесіз. Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында. Осы жерде талай әкім болған, әркім қадір-қалінше жұмыс жасады. Бірақ тап осындай тау қопарғандай толағай еңбекті атқарған тек Сіз ғана. Басқа өңірлерде, облыстарда қалай екенін білмеймін. Жүктелген міндет аяғына жеткізіле орындалды. Осы үлкен жобалардың жүзеге асуына, халықтың тұрмысын жеңілдетуге үлкен үлес қосқан, Сізге Атырау облысы халқы атынан зор рахмет айтамыз. Біз ел арасында жүреміз, қазір облыстың қай түкпіріне барсақ та тұрғындардың алғыстарын айтып, дән риза екеніне куә болып жүрміз. Бұның бәрі сіздердің қиын да жауапкершілігі мол қызметтеріңіздің басты көрсеткіші. Ендеше алдағы жұмыстарыңызда тек қана жақсылықтар мен бақ-береке бастау болсын. Біздегі тілек –осы басталған істің одан әрі жалғасуын, қолға алған мақсат-мүдделерін бір ауыздан қуаттаймыз.Жерлестерімді осы жасап берген барлық жағдайды осы күйінде ұстап, бағалай білуге шақырамын. Қарасаев Орынғали, еңбек ардагері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», ҚР «Құрмет» орденінің иегері