Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Фархад 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Саулебаевич!
Есіңізде болар, біздер Балықшыдағы апатты үйлердің тұрғыны едік. Былтыр жыл аяғында уәде еткен едіңіз, жақында үй беріледі деп. Міне, жыл басталысымен су жаңа, кең де жарық, құрғақ, керемет бір-бір пәтердің иесі болдық. Бала-шаға, туған-туысқандарымыз үшін кең сарай болды. Әлі де сенер сенбесімізді білмейміз. Қанша жыл азап көрдік. Бүкіл көрші-көлем жаңа ықшам ауданға көшіп келдік. Қуанышта шек жоқ. Алғысымызды айта алмай жүр едік, осы сәтті пайдаланып, Сізге бүкіл апатты үйлердің тұрғындары атынан тұрмысымызға жаңа бақыт сыйлағаныңыз үшін үлкен рахметімізді жеткізгіміз келеді. Халыққа, елге жасап жатқан жақсылықтарыңыз алдағы істеріңізге серпін берсін.