Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Нұртай 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Медициналық жоғары оқу орынында оқып жүрмін, отбасының қаржылық қиыншылығына байланысты оқу ақысын төлеу қиын болып тұр. Сол себепті оқу ақысын төлеуге бюджет тарапынан көмек сұрайын деп едім.
Администратор 01.06.2012
Өтінішіңізді, тиісті құжаттарыңызбен бірге, қала және аудандар әкімдіктері жанындағы әлеуметтік көмек беру комиссияларына, облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмысшы органы болып табылатын облыстық комиссияға тапсыруға болады. Жалпы алғанда, білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау зор. Аз қамтылған отбасыларының, әлеуметтік әлсіз топтың, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, жартылай жетім балалардың оқу ақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жылма жыл төлеп келеміз. Биылда осы мақсатқа қаражат қарап отырмыз. Ескеру керек: оқу орынын бітіргесін Атырау облысына келіп жұмыс жасауы тиіс. Сондай-ақ облыста осындай жанұялардың озат, үздік, талантты деп танылған, жағдайы жоқ 40 шақты жасты шетелде оқытып жатырмыз. Болашақ білімді жастардың қолында. Біз сеніп тапсыратын келер буынды тәрбилелеп шығаруымыз керек. Оның бәрінің қаржы көзін жергілікті жерден ұйымдастырып отырмыз. Ескеру керек: оқу орынын бітіргесін Атырау облысына келіп жұмыс жасауы тиіс.