Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Шаймерденов Талғат 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Асқар Исабекұлы!!!
Облыста сіздің басшылығыңызбен Елбасының үстіміздегі жылғы дәстүрлі жолдауы жоғары деңгейде насихатталып және іске асып жатқандығының куәсі болып жүрміз. Жолдауда Н.Ә.Назарбаев Шымкент қаласын болашағы зор қалалардың қатарына жатқызғаны өзіңізге белгілі.Қаламызда Тельман атындағы мөлтек аудан бар.
Біріншіден: Сол мөлтек ауданға қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілсе деген тілегіміз бар.Кешегі Кеңес заманындағы қызыл империяның идеологиялық қалдығынан арылатын уақыт жетті - деп есептейміз.
Екіншіден:Сол мөлтек ауданда Шәмші атында көше бар.Онда көктем мен күз айларындағы батпақтан көлік түгілі адам жүре алмайды.Осы көше асфальтталса деген өтінішіміз бар.
Администратор 10.04.2012
Ш.Қалдаяқовтың есімін «Телман» шағынауданына беру туралы ұсынысыңыз бойынша: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының талаптарына сәйкес Шымкент қаласындағы бір көшеге Ш. Қалдаяқов аты берілген және Ш.Қалдаяқов көшесі бойындағы өзі тұрған үйінің бұрышына сазгердің толық тұлғалы ескерткіші қойылған. Ғимараты қайта салынған облыстық филармонияға Ш.Қалдаяқовтың аты берілді. Сонымен қатар, 2010 жылы қала орталығында композитордың 80 жылдық мерейтойына орай «Шәмші әлемі» гүлзары мен ескерткіші ашылды. Шәмші көшесіне тас төсеу жұмыстары 2012 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.