Алматы облысы әкімі А.Т.Мұсахановтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Алматы облысы әкімі А.Т.Мұсахановтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 19
- 17.04.2012
- 20.04.2012
- Атырау облысының әкімдігі
Майра Ақжолова. 17.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамтамасыз ету туралы Президент тапсырмасы қалай орындалады? Мені ауыл тұрғыны ретінде осы сұрақ қызықтырады.
Администратор 20.04.2012
Бағдарламаның «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу», «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу», «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үш бағыттарымен қатар, ауылдың инфрақұрылымын жөндеу (қайта жаңарту) және абаттандыру бойынша жобаларды іске асыру жөнінде жаңа төртінші бағыт - «Ауылдық елді мекендерді дамыту» енгізілді. Бұл ауылдық елді мекендердің дамуына қолдау көрсетеді және ауылдықтар үшін жаңа жұмыс орындарының құрылуына қосымша шара болып табылады. Ақтөбе облысы бойынша 15 жоба (білім және денсаулық салалары) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту және абаттандыру жоспарланды. Қаржыландыру көлемі 2012 жылға 561,1 млн.теңге, 561 жұмыс орындарын құру қаралды. Сонымен қатар, Бағдарлама түлектердің алғашқы тәжірибесін жинақтауға тиімді ықпал ету шаралары ретінде, өткен жылдары өзін жақсы жағынан танытқан Жастар тәжірибесімен толықтырылды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 205,1 млн.теңге қарастырылған, бұл білім беру мекемелерінің 1104 жас түлектерін қамтуға мүмкіндік береді.