Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Ондасынов Асылбек 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен қазір Қарабатандағы түрік фирмасында жұмыс жасаймын, бірақ, ол фирма қысқартуға ілігіп, жұмысшыларын жаппай кысқартып жатыр, сонда біз қайда барамыз, жұмыссыз қаламыз ба? Ертең завод қосылған кезде бізге жұмыс бола ма екен, мен өзім осы фирмада система технигі болып жұмыс жасаймын.

Администратор 26.10.2011

Қазіргі уақытта «Болашақ» зауыты жобасындағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты соңғы екі жылда 28 мың адам жұмыстан босады. Соның ішінде былтыр 12 мың атыраулық азаматтың 8 мыңын қолдан келгенше жұмысқа орналастырып келе жатырмыз. Қалғандары қайта даярлау курстарынан өтіп жатыр. Одан басқасына компаниялар есебінен әлеуметтік жәрдемақылар берілуде. Биыл жыл аяғына дейін және келер жылдың басында жұмыспен қамтуда қиындықтар болады, ол туралы бұған дейін бірнеше рет жиындарда халық алдында ашып айтып келемін. Алдымыздағы жылдың басында мұнай-химия кешенін салу жұмысы үлкен қарқынмен басталуы керек, онда кем дегенде 6,5 мың азамат жұмысқа орналасады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ТШО-ның үшінші буын зауыты басталғанда 5 мың адам жұмыспен қамтылады. Одан басқа Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жұмыстарына қосымша 2,5 мың адам жұмысқа алынуы керек. Осылайша келесі жылдың басынан бастап алдында қысқарған азаматтарды бәрін толықтай жұмыспен қамтимыз деп отырмыз. Осы жобаларға міндетті түрде жұмысқа қабылданасыз.