Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Салима 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Сізден білейін дегенім: менің жолдасым көптен жұмыс таба алмай жүр. Бұрын әскери бөлімде 15 жыл жұмыс жасап, келісімшарттың бітуіне байланысты жұмыстан босап қалды. Енді жұмысқа кіре алмай жүр, қайда барарымды білмеймін?
Администратор 26.10.2011
Сіз Қазақстан Республикасы Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына сәйкес жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіздегі (қалалық немес аудандық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңыз қажет. Онда сізге: жұмысқа орналастыру; қоғамдық жұмыс немесе әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу; қайта даярлау және кәсіби біліктілігін артыруға мүмкіндіктер беріледі. Жаңа айтып өттім, келесі жылдың басынан бастап басталғалы отырған үлкен-үлкен жобаларда көптеген жұмыс орындары ашылғалы отыр. Сол кезде міндетті түрде жұмысқа орналасасыз.