Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Максот 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жеке кәсіпорындарда жалақымыз уақытында төленбейді, бұл мәселе бойынша кім жауап бере алады?

Администратор 26.10.2011

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 134 бабының 1 тармағына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді және төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген. Жұмыс беруші тарапынан жалақылардың төленбеуі, мезгілінде төленбеуі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жазбаша түрде шағымдануыңыз қажет. Мекенжайы: Атырау қаласы, Махамбет көшесі 118б, телефондар 355618, 355624. Жалақы уақытында төленбеу туралы бізде проблема болмауы керек. Жұмыс жасалғаннан кейін тиісті қызметіне сай еңбек ақысы белгіленген мерзімде төленуі тиіс. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.А.Дәукеновке міндетті түрде осы мәселені қарап, шара қабылдауды тапсырамын.