Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Самат Кайненов 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрманғазы ауданы Байда, Шортанбай, Ақкөл, Нұржау ауылдарында жеңіл типті спорт кешендері салынады деп айтылған, қашан басталып, аяқталады?
Администратор 26.10.2011
Бүгінде Атырау қаласы мен аудан орталықтарын спорт кешендерімен толықтай қамтамасыз етіп болдық. Соңғы жылдары облыста 30 спорт ғимараты, соның ішінде әлемдік стандарттар бойынша озық технологиямен жабдықталған тұңғыш мұз айдыны, 3 бассейн, қалада 7 бірдей спорт кешені мен барлық ықшам аудандар мен мектеп аулаларында спорт алаңдары, сондай-ақ барлық аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, елді мекендерде спорт залдары салынды. Бұрын ауылдағы спорт қандай деңгейде болып, талай спорт тарландары тәрбиелеген болатын. Өкініштісі, сонау тоқырау жылдары жалпы спорттың ақсап қалғаны шындық. Ендігі жерде ауылдық жердегі спортты дамытуға күш салайын деп отырмыз. Шағын елді мекендерді спорт залдарымен қамтамасыз ету қалып, олардың құрылысын таяудағы 2 жылда жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылыммен облысты толықтай қамтимыз. Қазір «Қазқмұнайгаз» компаниясымен келісіп отырмыз. Бірлесе отырып, қаржы бөліп, 16 ірі елді мекенге спорт кешенін саламыз. Кейбір жерлерде бұл жұмыстар басталып та кетті. Бұл жұмыстарды толықтай келесі жылы аяқтаймыз. Соның ішінде жаңа атап өткен ауылдардағы спорт кешендерінің құрылысы бар. Одан басқа 15 шағын елді мекенде тағы осындай спорт нысандарын саламыз. Осылайша алдағы жиырма жылдың проблемасын шешіп, енді жалпы бұқаралық спортты дамытуды қолға аламыз.