Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Аманиязова Гүлдария 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Махамбет ауданының тұрғынымын. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша көшуге болатыны туралы баспасөз беттерінде көп мақалалар жариялануда, маған осы бағдарлама арқылы көшуге бола ма? Ол үшін қандай құжаттарды тапсыруым қажет?
Администратор 01.06.2012
Бағдарламаның Ережесі бойынша әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударуды үкімет қолға алып жатыр. Махамбет ауданы бойынша Қызылжар селосы осындай санатқа бекітілді. Сондықтан, осы бағдарлама арқылы тек қана осы селоның тұрғындары көшірілуге мүмкіндігі қарастырылады.