Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Өмірзақ Қажымғалиев 01.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Құрметті атыраулықтар!
«Сөз бен істің бірлігі – басты мұрат, алтын діңгек» дегендей қашанда Сіз халықтың арасынан табылып, ай сайын елді мекендерді, ауылдарды аяқтай жүріп көзіңізбен көріп, жергілікті тұрғындарын мұң-мұқтажын тыңдау өте құптарлық іс.
«Ауыл – алтын бесік» дейміз. Президентіміздің көрегендігі арқасында және жүктелген міндетті мүлтіксіз орындаудың нәтижесінде соңғы жылдарда ауыл тұрмысы түзеліп, қыруар жұмыстар атқарылды. Жылдан-жылға шаруашылықтар түзеліп келеді. Облысымызда жылыжай, көкөніс қоймалары көптеп салынды. Бұрын таңғажайып жағдай көрінетін технологиялар ауыл шаруашылығына етене енуде. Өндірісті одан әрі кеңейтемін, шаруамды түзегім келеді деген шаруа қожалықтарының идеяларына қолдау жасалып, құқықтық, ұйымдастырушылық көмектер көрсетіліп отыр.
Ең бастысы, тұрғындардың тұрмысын көтеру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бүгінгі күні Атырауда су, газ, жарыққа қолы жетпеген ауыл қалмады деуге болады.
Қаншама жол салынды ауылға жаңа аурухана, емхана, мектептер, спорт ғимараттары, мәдениет ошақтары салынып жатыр. Олар жабдықтармен жарақтандырылды. Бұл еңбекке деген құлшынысты тудырып, ауыл халқының пәс көңілін көтерді. Осы ізгілікті істердің нәтижесінде құрманғазылықтардың билікке деген көзқарасы түбегейлі өзгеріп, бүгінгі жүргізіліп отырған саясатқа үлкен сенімі пайда болды. Бұрын қаланы айналшақтап шықпайтын жастарымыз, туған ауылына қызмет етуге асығатын күнге жеттік.
Азғырдан басқа, Құрманғазы ауданы толықтай өмірге қажеттікпен қамтылып бола келді.
Сөз түйіні, тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктер мен биік белестерді атыраулықтар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Назарбаевтың салиқалы саясаты, көрегендігі көсемдігі деп сезінеді.
Осы берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Елбасымызға, жергілкті билікке үлкен рахмет айтып, еңбекке жеміс тілейміз.