Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
ЛУКПАНОВА ТУРСЫНАЙ ЖОЛАМАНОВНА 01.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Салематсызба?мен бурын сыздын блогынызге хат жолдаган едым,жауабын алдым коп коп рахмет,Мен озым 2 топ мугедегымын бала кезымнен,анам коп балалы ана,акем 3 топ мугдегы,турмыска шыкпаганмын,ата-анаммен бырге турамын,сызден коммуналдык тургын уй сураган болатынмын хатымда сыз керекты кужаттарды жинап тапсырыныз деп жауап бердыныз,мен тапсырдым ендыгы умытым сызде маган комектесуынызды сураймын.
Администратор 01.06.2012
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,69 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз 11 топтарына жататын, сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған мемлекеттік, бюджеттік мекеме, әскери және сайланбалы мемлекеттік лауазымдағы Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншігінде тұрғын үйі жоқ азаматтарға пайдалануына беріледі. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес аталған тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тiзiмдерге енгiзiлген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын қоспағанда, ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды. Сондықтан, өкінішке орай, жуық арада тұрғын үй мәселеңізді шешуге мүмкіндік жоқ екендігін қатеріңізге береміз. Арызданушының өтініші заң талаптарына сәйкес, мүмкіндік болған жағдайда қанағаттандырылатындығын хабарлайды.