Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Қожамжарова Рахима Тохтархановна - "№6 кәсіптік лицей" МКҚК директоры 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

ОҚО №6 кәсіптік лицейдің 3 апатты қабатты ғимараттың құрылысына, дайын жобалау-сметалық құжаттары бойынша анықталған 286 млн. теңге облыстық бюджетке енгізілді ма? 9 жыл бойы 1956 жылы саманнан салынған оқу ғимараты апатты жағдайда. Жазбаған хаттар, кірмеген қабылдау бөлмелері қалмады. Үміт тек сізден, құрметті Асқар Исабекұлы!

Администратор 10.04.2012

2012 жылдың бюджетіне енгізу мақсатында «Шымкент қаласындағы №6 кәсіптік лицейге 300 орындық оқу корпусы және спортзалының құрылысы» инвестициялық жобасының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2011 жылы облыстық бюджеттен есебінен 5,9 млн. теңге бөлінген. Аталған жобаның мемлекеттік сараптамасы 2011 жылғы 25 желтоқсанда алынғандықтан ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған облыстық бюджетті нақтылау барысында құрылысқа қаржы қарастыру жөнінде облыстың бюджеттік комиссиясына ұсыну жоспарланып отыр.