Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011
  • Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича

Уалиев Амангельды Мурзагалиевич 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған республикалық бағдарламасы» бойынша халықты сапалы жолдармен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Дейтұрғанмен, аталған бағдарлама бойынша облыс орталығынан шалғай орналасқан Жәнібек ауданының екі арадағы автомобиль жолдарын салу жұмыстары баяу жүргізілуде. Аудан тұрғындары үшін әсіресе ауа-райының қолайсыз уақыттарында жол қатынасы қиындық туғызады. Сол себепті, Кедендік Одақтың мүмкіншілігін пайдалана отырып, тұрғындардың Жәнібек ауылының үстінен жүретін Ресей Федерациясына қарасты темір жол қатынасы арқылы жүру немесе облыс орталығымен байланыстыратын ұшақ қатынасы мәселесін қарастыру.

Администратор 29.09.2011

Бұл мәселені Жәнібек ауданы әкімдігі тарапынан бірнеше қайтара көтерілген болатын. Осыған орай, облыс әкімдігі Парламент депутаттарына ұсыныс жолдады. Бұл мәселе алдағы уақыттарда екі жақты үкіметтік деңгейде қаралып, шешімі табылады деген үміттеміз.