Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Берик Ускенбаев 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша орын алған сұрақтарға жауап және консультация қай жерден алуға болады?

Администратор 10.04.2012

Облыс бойынша бағдарлама үйлестірушісі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы болып табылады. Ал, аудан және қалаларда анықталған уәкілетті органдар туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ontustik.gov.kz ресми сайтының «Дипломмен ауылға» атты арнайы бөлімінен толық мәліметтер алуға болады.