Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Оспанов Мұрат Мағауияұлының қатысуымен өтетін Интернет-конференция
2011 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Павлодар облысының бірінші орынбасары Оспанов Мұрат Мағауияұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың 31қазанында жолдай алады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 6
- 31.10.2011
- 31.10.2011
- ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С УЧАСТИЕМ ПЕРВОГО ЗАМЕСТИТЕЛЯ АКИМА ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ ОСПАНОВА МУРАТА МАГАВЬЯНОВИЧА
Әсем Маймақова 31.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Усолка шағын ауданында кардиохирургия орталығының құрылысы туралы естідік. Ол қашан іске қосылатынын білуге болады ма?
Администратор 31.10.2011
Құрметті Әсем, Павлодарда 50 төсек-орынға арналған кардиохирургия орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,6 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс 85-90%-ға (пайызға) орындалды, жабдықтың 90%-ы (пайызы) жеткізілді. Алайда, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты қазір объектідегі құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылды. Объектіні тапсыру мерзімі – 2012 жылғы 1-тоқсан. Құрылыстың барысы бағдарламаның әкімшісі ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.